28.01.2025 | 10:43

АЛЕКСАНДРА СКОРОХОДОВА FIS КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Тау шаңғысы спортынан Ұлттық құрама өкілі Александра Скороходова Италияның Альпе Чермис-Кавалезе курортында өткен жасөспірімдер арасындағы FIS турнирінде 2-орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол гигант-слалом дисциплинасында тек Фаби Хейдонға ғана (Аустралия) есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Үздік үштікті Италия спортшысы түйіндеді.

Барлығы бұл жарысқа 10-нан астам елден 90 спортшы қатысты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық