10.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Алексей Чуркин Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Бүгін Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Оны 73 келіге дейінгі салмақтағы Алексей Чуркин 343 кг (153+190) жеңіп алды.
Қазақстандық зілтемірші алғашқы жаттығуда 153 келімен қола жүлдеге қол жеткізген. Сосын, екінші жаттығуда да 190 келі тасты ырқына көндіріп, тағы қолаға ие болды. Бұл салмақта Рахмат Эрвин Абдулла (Индонезия) 352 келімен топ жарса, отандасы Ризки Джуниансиа 5 келі аз көтеріп (347 кг) күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ бүгін 67 кг дейінгі салмақта ел намысын қорғанған Анатолий Савельев жалпы есепте 307 келімен (140+167) 8-сатыдан көрінді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: