21.10.2024 | 19:03

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ДОСЖАН ӨТЕПҚАЛИЕВ ШИРЕК ФИНАЛДА СҮРІНДІ

Досжан Өтепқалиев (60 кг) Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында грузиялық Придон Абдуладзеден жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз енді қарсыласының нәтижесіне көз тігеді. Егер грузиялық спортшы финалға шықса, Досжан ертең жұбаныш белдесуінде күреседі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес