11.05.2025 | 23:48

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ГЕРМАНИЯҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Шайбалы хоккейден Данияның Хернинг қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойында Германиямен сынға түсіп, есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан – Германия 1:4

Соққылар статистикасы: 21:33

Шайбалар:

1:0 — 03:05 - Никита Михайлис (Шестаков)

1:1 — 13:09 - Максималиан Кастнер (Ехл, Сейдер)

1:2 — 34:53 - Вожтек Стачовиак (Кахун, Шутц)

1:3— 41:49 - Лукас Райхель (Тиффелс, Каебл)

1:4 — 45:33 - Лукас Каебл (Ехл, Кастнер)

Бұл мачта қандай жайттар тіркелді?

Никита Михайлис әлем чемпионатындағы алғашқы голын соғып, элиталы дивизиондағы шайба көрсеткішін 9-ға жеткізді.

Матчты 4 377 көрермен тамашалады.

Қазақстан сапынан үздік ойыншы ретінде Никита Михайлис танылды.

Енді Ұлттық құрама 13 мамырда бірінші дивизионнан көтерілген Мажарстанмен күш сынасады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес