
10.05.2025 | 18:02
Бөлісу:
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ НОРВЕГИЯНЫ ТАҒЫ ЖЕҢДІ
Шайбалы хоккейден Данияның Хернин қаласында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы бірінші ойында Норвегияны 2:1 есебімен жеңді.
Соққылар статистикасы: 21:31
Шайбалар:
0:1 — 05:33 - Йоханнес Йоханнес (Елвсвин, Салстен)
1:1 — 25:08 - Роман Старченко (Михайлис, Орехов)
2:1 — 52:08 - Владимир Волков (Әсетов, Қайыржан)
Матчта қандай жайттар тіркелді?
Қазақстан құрамасы екінші мәрте 1-турда Норвегиямен (2023 жыл) кездесіп, екеуінде де жеңіске жетті.
Құрамадағы ең егде (әлем чемпионатында ТОП-5) 38 жастағы ойыншысы Роман Старченко шайба салды.
Қақпашы Максим Павленко әлем чемпионатында дебют жасап қана қоймай, кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Владимир Волков жаһандық додада дебют жасап қана қоймай, жеңіс шайбасын соқты.
Енді Ұлттық құрама ертең Германиямен ойнайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
