28.12.2022 | invalid

Әлем чемпионаты: Магнус Карлсен дес берер емес

Мамандар мен жанкүйерлердің назарында жүрген жампоз, норвег Магнус Карлсенді Алматыдағы әлем чемпионатында рапидтен әзірге ешкім тоқтата алар емес. Екі күннен кейін оның еншісінде алты жеңіс пен үш тең ойыны бар.

Ал Владимир Федосеев (FIDE), рапидтен әлем чемпионы өзбекстандық  Нодирбек Әбдісаттаров, Германия елінің үкілеген үміті Винсент Кеймердің еншісінде 7 ұпай.

Одан кейінгі сатыда Данил Дубов, Влад Артемьев (FIDE), Аниш Гири (Нидерланд), Ю. Яньи (Қытай), Арджун Эрийгайси (Үндістан), Фабиано Каруана (АҚШ) 6,5 ұпаймен келе жатыр.

Бұлар да әлем чемпионы деген атақтан үміткерлер санатында. Демек, қызықтың бәрі алда, тартысқа толы турларда үздіктердің додасы өтетінін көрермендерге хабарлаймыз.

Ерлер додасында қазақстандық шахматшылардың арасынан павлодарлық Әлішер Сүлейменовтің аяқ алысы жаман емес. Рас, ол алғашқы ойынды жеңіліспен бастап, одан кейінгі партияның бәрінде жеңіске жетіп, арынын байқатты. Әлішердің алдағы турларда өзінің мықтылығын мойындатуға мүмкіндігі мол.

Әйелдер арасындағы рапидте Тан Чжуньи кқш басына шықты. Еншісінде 6,5 балл. Үздіктер қатарында Александра Горячкина мен жас үндістандық Шри Б. Савита да бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес