09.03.2025 | 22:43

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: НАДЕЖДА СТЕПАШКИНА АЗИЯ СПОРТШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ЕҢ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШ ТІРКЕДІ

Бүгін Норвегияның Тронхейм қаласында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсеке әйелдер арасындағы шешуші 50 шақырымға жалғасқан жарыспен мәресіне жетті. Жалпы 2023 жылға дейін әйелдер тек 30 шақырымға жарысқанын айта кетейік. Биылғы чемпионатта әйелдер мен ерлердің құқығы теңестіріліп, олар 50 шақырымда жеңімпазды анықтады.

Жарыс жолына нәбәрі 34 спортшы шықты. Оның ішінде Азия құрлығынан 3 спортшы қатысты. Нәтижесі мынадай:

1. Фрида Карлссон (Швеция) – 2:24:55

2. Хейди Венг (Норвегия) – 2:24:57

3. Тереза Йохауг (Норвегия) – 2:24:58

24. Надежда Степашкина (Қазақстан) – 2:43:49

29. София Велисер (Тайвань) – 2:52:40

34. Ангелина Шурыга  жеңімпаздан 1 айналым қалып қойды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес