25.10.2023 | 01:39

Әлем чемпионатында 3 палуанымыз қола жүлдеге таласады

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еркін күрес шеберлері арасында ертең жүлде үшін күресуге 3 қазақ палуаны мүмкіндік алды.

Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг) 1/8 айналымда Үндістан спортшысынан жеңілді. Қарсыласы финалға шыққандықтан Ерасыл грузиялық Лука Гвинджилиямен күш сынасатын болды.

Егор Анчугин (70 кг) іріктеуде канадалық спортшыны, сосын Даниил Амелянчикті ұтқан. Алайда ширек финалда Иналбек Шериевке есе жіберді. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы ертең анықталады.

Шамсат Таирдың (79 кг) алғашқы айқасы өте қиын болды. Украина спортшысымен тең түсіп (5-5), соңғы ұпай алғандықтан келесі кезеңге шықты. Сосын, Масаки Сатодан (Жапония) айласын асырғанымен, жартылай финалда әзірбайжандық Ашраф Ашировтың мықтылығын мойындады. Шамсатпен қола медаль үшін күресетін палуан ертең белгілі болады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес