04.05.2023 | 12:13
Бөлісу:
Әлем чемпионатының 2-күні 6 қазақстандық панкратионшы чемпион атанды
Өзбекстан астанасы Ташкентте панкратионнан Әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Екіншісі жарыс күні де біздің спортшылар үшін сәтті болды.
Чемпион атанған Ұлттық құрама спортшылары (элит бөлімі): Айдын Әбдібай (50 кг), Күндиас Сағындықова (+80 кг), Пердехан Шындалиев (57 кг), Мейірбек Төлегенов (62 кг), Сәбит Жүсіп (66 кг), Айдын Төлепбаев (77 кг).
Күміс жүлдегерлер: Аян Тұрсын (53 кг), Гулмира Азатбек (61 кг), Айкөрік Қуандықова (71 кг), Динара Оралбай (75 кг), Мереке Жүнісова (80 кг), Алмаз Сəрсембеков (62 кг), Ерканат Оспан (66 кг), Олжас Есқараев (77 кг), Самат Шағыраев (84 кг), Дияр Нұрғожай (92 кг), Шахмарал Жетпісов (+100 кг).
Қола жүлдегерлер: Жасұлан Әкімжан (71 кг), Руслан Сариев (71 кг), Асрориддин Мухриддинов (84 кг), Қайратбек Жарекеев (100 кг).
Биылғы чемпионатқа 500-дей спортшы жиналды. Оның ішінде 65 қазақстандық бар. Кеше, бірінші күн Ұлттық құрама 7 алтын, 12 күміс, 7 қола медаль жеңіп алған. Жалпыкомандалық есепте ересектер арасында Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықПанкратионшылар қоржынға 7 медаль салды