10.04.2023 | 22:09
Бөлісу:
Әлем чемпионатының 2-партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына аяқталды
Бүгін классикалық шахматтан биылғы әлем чемпионатындағы Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы 2-партияда жеңіс алғашқысына бұйырды. Ресейлік гроссмейстер бұл жолы қара тастармен ойнады. Ойын 29 жүріске созылып, үш жарым сағатта аяқталды. Осылайша, Непомнящий есепте алға шықты. Есеп: 1,5 – 0,5. Кеше екі шахматшы алғашқы партияда тең түскен.
Чемпионат жайлы
FIDE-нің 2023 жылғы классикалық шахматтан әлем чемпионы атағын Дин Лижэнь мен Ян Непомнящий 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында еліміздің бас қаласында сарапқа салады. Барлық 14 ойын St. Regis Astana қонақ үйінде өтеді. Әр 2 турдан кейін демалысқа бір күн беріледі. Осы 14 партия/матч барысында алғаш болып 7,5 балл жинаған шахматшы жеңімпаз атанады. Егер тең түссе, тай-брейкке дейін барады.
Бұл финалдың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңгені осы қаржының 60%-ын алса, 2-орын алған гроссмейстер қалғанына ие болады.
Ереже бойынша ойын кезінде алғашқы 40 жүріске 120 минут бөлінеді. Сосын, қалған 40 жүріске бір сағат берілмек. Ал 61-жүрістен бастап әр ойыншының еншісінде 30 минут қалады. Бұл аралықта олардың тасын қимылдатуға 30 секунд уақыты болады.
Айта кетейік, осыған дейін шахмат тарихында 16 чемпион шыққан. Астанада әлемнің 17-чемпионы анықталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ