08.07.2026 | 09:54

ӘЛЕМ КУБОГЫ: ӘСЕМ ОРЫНБАЙ МЕН АЛЕКСАНДР МУХАМЕДИЕВ ФИНАЛДА БАҚ СЫНАДЫ

Бұл күндері Италияның Лонато-дель-Гарда қаласында стенд атудан әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Скит бағдарламасының іріктеуі нәтижесінде 2 отандасымыз – Әсем Орынбай мен Александр Мухамедиев ақтық сынға жолдама алған. Жүлдеге таласта Әсем 7-сатыға тұрақтаса, Александр жарысты сегізінші нәтижемен аяқтады.

Айта кетейік, Италиядағы стенд атудан әлем кубогының кезеңі 13 шілдеде мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес