03.06.2022 | 14:27
Бөлісу:
Әлем Кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды
Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден Әлем Кубогы өтіп жатыр. Бүгін, жарыстың 5-күні мергендер 3 жаттығуда жүлдегерлерді анықтады.
Кіші колибрлі мылтықпен 50 метрден нысана көздеу бәсекесінде Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Елизавета Король, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова финалда Норвегия құрамасы сапындағы Карина Штетте, Мари Бардсенг Ловсет, Йоханна Рекстенмен шеберлік байқасқан. Аса тартысты сын 15:17 есебімен Норвегияның пайдасына аяқталды. Ал қола жүлде Польшаға (Юлия Ева Пётровска, Анета Станкевич пен Наталья Кочанска) бұйырды.
Енді Қазақстан құрамасының еншісінде 1 күміс пен 2 қола жүлде бар. Осының арқасында жалпы есепте 18-орынға көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ислам Усейнов 10 метрден пневматикалық мылтықпен нысан көздеуде, сосын стенд атудың трап жаттығуында Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко 3-орын алған.
Рейтинг үшін ұпай берілетін Әлем Кубогы 7 маусымға дейін жалғасады. Әзірбайжандағы бәсекеге 65 елден 708 мерген келді. Оның ішінде Қазақстан құрамасының 40 мергені бар.
Халықаралық нысана көздеу федерациясының мәліметінше, биылғы Гран-прилерде 5 құрлықтан жиналған 3563 атлет бақ сынапты. Оның 2086-сы ер, 1477-сі әйел. Сондай-ақ 2 күннің ішінде Бакудегі доданы Халықаралық нысана көздеу федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан тікелей эфирде 80 мыңнан астам адам тамашалаған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ