19.04.2022 | invalid

Әлем Кубогы: қазақстандық мергендер маусымды бастады

18-24 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында садақ атудан Әлем Кубогының 1-кезеңі өтеді. Бұл бәсекеге аттанған Қазақстан құрамасы:

Классикалық садақ түрінен:

Ерлер; Ильфат Абдуллин, Санжар Мусаев, Сұлтан Дүзелбаев, Дәулеткелді Жаңбырбай:

Әйелдер; Мадина Заемова, Фарида Түкебаева, Диана Тұрсынбек, Гаухар Игібаева:

Компаунд садақ түрінен:

Ерлер; Акбарәлі Қарабаев, Андрей Тютюн, Шамиль Сагутдинов, Бунёд Мирзаметов:

Әйелдер; Диана Макарчук, Аделя Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова:

Жаттықтырушылар; Бауыржан Жолдыбаев, Григорий Ким, Артем Кичкин, Ойбек Сайдиев.

Жалпы Әлем Кубогына қатысу үшін 47 елден 341 атлет (198 еркек, 143 әйел) тіркелген.

Садақ атудан Әлем чемпионаты 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол төрт кезеңнен (олимпиада жылынан басқа) және Гранд-финалдан тұрады. Соңғысына тек маусымның үздік садақшылары шақырылады. Бұдан бөлек, бұл қатарға жоғары нәтижелермен рейтингте көп ұпай жинаған спортшылар кіреді. Финалдың төрт жеңімпазына садақ атудан Әлем Кубогының чемпионы деген атақ беріледі. Биыл бәсекенің жүлде қоры бұрын соңды болмаған сома – 323,000 швейцарлық франкке жетті.

Әлем Кубогының кестесі:

1-кезең       18-24 сәуір, Анталия (Түркия):

2-кезең       16-22 мамыр, Кванджу (Оңт Корея):

3-кезең       20-26 маусым, Париж (Франция):

4-кезең       18-24 шілде, Медельин (Колумбия):

Финал        15-16 қазан, Тласкала (Мексика):

Осыған дейінгі жылдары қазақстандық мергендер Әлем Кубогы кезеңдерінде бірнеше рет жүлдеге қол жеткізген. Мысалы, 2017 жылы Қытайдағы 1- кезеңде командалық сайыста Ойбек Сайдиев, Санжар Мұсаев пен Денис Ганькин топ жарды. Ал Түркияда өткен Әлем Кубогының 2-кезеңінде командалық сайыста 2-орын алды (Ойбек Сайдиев, Сұлтан Дүзелбаев, Денис Ганькин).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес