
04.05.2025 | 11:33
Бөлісу:
ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ 15 ЖҮЛДЕ: ГИМНАСШЫЛАР ЕҢ ЖОҒАРҒЫ НӘТИЖЕСІН ТІРКЕДІ МЕ?
Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын әлем кубогы мәресіне жетіп, Ұлттық құрама спортшылары үздік көрсеткіш тіркеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бір Милад Каримидің өзі 6 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленіп, карьерасындағы ең үздік маусымын өткізді. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов әлем кубогының ортасынан басып қатысса да, 1 алтын, 2 қола медальмен жанкүйерлерін қуантты. Дмитрий Патанин, Зейнолла Ыдырысов, Алтынхан Темірбек те жүлде алып, резервтің мықты екенін дәлелдеді.
Қазақстанның кейінгі 10 жылдағы көрсеткіші:
2025 жыл– 7 алтын, 4 күміс, 4 қола
2024 жыл – 2 алтын, 2 қола
2023 жыл - 3 алтын, 1 қола
2022 жыл – 2 алтын, 2 күміс
2021 жыл – 1 күміс, 1 қола
2020 жыл - 1 күміс, 2 қола
2018 жыл – 1 алтын
2017 жыл – 1 күміс
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

