27.09.2023 | 10:02
Бөлісу:
Алғашқы алтын! Мергендер рекорд тіркеп, Азиада чемпионы атанды
Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан делегациясының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Стенд атудың скит бағдарламасында еліміздің әйелдер құрамасы (Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина) финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, топ жарды. Ұлттық құрама 350 ұпаймен, Қытай (348) мен Таиландтан (342) басым түсті.
Осы алтынның арқасында Қазақстан жалпы есепте 11-орынға көтерілді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: