21.04.2024 | 19:47

Әлімхан Сыздықов командаға лицензия сыйлады

Грек-рим күресінен аса ауыр салмақтағы Ұлттық құрама палуаны Әлімхан Сыздықов Бішкектегі турнирде Қазақстанға Париждегі Олимпиаданың 46-шы жолдамасын алып берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шешуші айқаста ол жарыс қожайыны Роман Кимнен басым болды. Есеп 7-7 болғанымен, ұпай сапасы жағынан отандасымыз басымдыққа қол жеткізді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес