
29.06.2025 | 22:07
Бөлісу:
ӘЛІШЕР ЕРҒАЛИ МЕН НАЧЫН КУУЛАР ТҮРКИЯДАҒЫ ЯШАР ДОГУ ТУРНИРІНДЕ 2-ОРЫН АЛДЫ
Бүгін Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні Қазақстан спортшылары тағы 2 жүлдеге қол жеткізді.
Начын Куулар (-70 кг) 2-орын
Әлішер Ерғали (125 кг) 2-орын
Ақтық сында Начын жарыс қожайыны Хайдар Ювуздан, Әлішер Мохсен Мансұр Сиярдан (Германия) ұтылды. Кешегі 2 алтын, 1 күміс медальді қосқанда еркін күрестен Ұлттық құрама турнирде 2-орын алды.
Командалық есеп:
1-орын: Түркия
2-орын: Қазақстан
3-орын: Болгария
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: