08.11.2022 |

Алматы қаласында шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

25-30 желтоқсан аралығында Алматы қаласы шахматтың рапид және блиц түрінен биылғы Әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жайлы Freedom Finance инвестиция компаниясы осы бәсекенің бас демеушісі атанған соң ресми түрде хабарланды.

Қалған толық ақпарат (қонақ үй мен виза жайлы) 15 қарашада белгілі болады.

Былтырғы Әлем чемпионаты Польша астанасы Варшавада өтті. Ерлер арасында өзбекстандық Нодирбек Абдусатторов, әйелдер арасында ресейлік Александра Костенюк топ жарған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес