08.11.2022 | invalid

Алматы шорт-тректен Әлем Кубогының 2 кезеңін қабылдайды

Алматы қаласында 9-11 желтоқсан аралығында шорт-тректен Әлем  Кубогының III, 16-18 желтоқсан аралығында IV кезеңі өтеді. «Халық Арена» мұз сарайында әлемнің 30 елінің мықты спортшылары бақ сынамақ. Бұл қатарда Олимпиада мен Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионаты мен Әлем Кубогы кезеңдерінің жүлдегерлері бар.

Айта кетейік, Монреальда (Канада) өткен Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде ерлер құрамасы 5 шақырым эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Солт-Лейк-Ситидегі (АҚШ) 2-кезеңде Ұлттық құрама 3 жүлде жеңіп алды. Әуелі Абзал Ажғалиев 500 метрде мәреге 2-болып келді. Ертесіне Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс жүлдегер атанса, Әділ Ғалиахметов мың метрге жарыста үздік үштікті түйіндеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес