14.05.2022 | invalid

Алуа Балқыбекова мен Карина Ибрагимова ширек финалға жолдама алды

Бүгін Түркиядағы бокстан әлем чемпионатында шаршы алаңға шыққан екі қазақстандық боксшы да қарлсыласын ұтып, ширек финалға жолдама алды. Әуелі 48 келі салмақта жұдырықтасатын Алуа Балқыбекова серб Снежана Сильковичтен айласын асырды. Енді ол жартылай финалға шығу үшін 16 мамырда үндістандық боксшыны ұтуы керек.

Ал 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Карина Ибрагимова испан Дженнифер Ромероны жеңді.

Осымен Гүлсая Ержан (81 кг), Валентина Хальзованы (70 кг) қосқанда Қазақстан құрамасы сапынан 4 боксшы ширек финалда. Ертең Жайна Шекербекова (52 кг) мен Дина Жоламан (54 кг) 1/8 айналымдағы кездесуін өткізеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес