28.10.2024 | 05:29

Алыптар айқасы: Азия чемпионы Мейіржан Шермахамбет пен Ержет Жарлықасынның қарсыласы белгілі болды

Бүгін Албания астанасы Тиранада күрестен Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жеребе тарту рәсімінен кейін біздің жарысты бастайтын грек-рим күресі палуандарының алғашқы қарсыласы анықталды

55 кг, 1/8 айналым:

Исхар Құрбаев – Артём Деляну (Молдова)

63 кг, 1/8 айналым:

Ержет Жарлықасын – Михал Трач (Польша)/Четан (Үндістан)

72 кг, іріктеу:

 Мейіржан Шермахамбет – Хайк Меликян (Армения)

82 кг, іріктеу:

Евгений Поливадов – Артём Шаповалов (Финляндия)

Айта кетейік, Ұлттық құрама сапындағы 21 жастағы Исхар Құрбаев былтыр дәл осы Тиранадағы әлем чемпионатында (U23) күміс жүлдегер атанған. Ал Мейіржан мен Ержет сары құрлық чемпионатында топ жарған.

Ертең іріктеу Астана уақытымен сағат 14:30-да басталады. Ал кешке 4 салмақта жартылай финал өтеді. Финалдар 29 қазанға жоспарланған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес