
21.05.2025 | 16:40
Бөлісу:
АМАН ҚОНЫСБЕКОВ ЧЕМПИОНДЫҚҚА ТАЛАСАДЫ
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U-22 Азия чемпионатында жойқын соққысымен белгілі Аман Қонысбеков финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда Вьетнам өкілі Лу Пхамды 2-раундта техникалық нокаутпен ұтты. Енді финалда отандасымыз сенсациялық түрде жеңіске жеткен жарыс қожайынымен шеберлік байқасады. Осылайша, ерлер арасында 12 спортшымыз бас жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

АҒАЖАН ҚАДЫР КУВЕЙТ БОКСШЫСЫНА ЕШ МҮМКІНДІК ҚАЛДЫРМАДЫ

ТАҒЫ БІР ОТАНДАСЫМЫЗ САУД АРАБИЯ БОКСШЫСЫН ҰТТЫ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: БАРЛЫҚ 12 БОКСШЫМЫЗ ФИНАЛДА