13.10.2024 | 16:36

ӘМІР МАЙМҰРАТОВ ПЕН ТАМАРА ОЛЖАБАЕВА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан құзға өрмелеуден Азия чемпионатында екі отандасымыз күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жылдамдық бағдарламасында ерлер арасында Әмір Маймұратов финалда қытайлық Пенг Вумен жарыста фальстарт жасап, 2-орынға тұрақтады. Қола жүлдеге таласта тағы бір отандасымыз Ришат Хайбуллин әлем чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының жеңімпазы ирандық Реза Алипудан қалып кетті.

Ал әйелдер арасында Тамара Олжабаева ақтық сынға шығып, қарсыласына сәл есе жіберді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес