25.02.2023 | 13:25

Әмір Зәкіров брейкингтен халықаралық рейтингтік турнирде топ жарды

Қазақстандық Әмір Зәкіров (B-Boy Amir) Жапонияның Китакюсю қаласында өткен халықаралық рейтингтік турнирде 1-орын алды.

Жарысқа 48 елден 180 спортшы қатысты. Екінші орынды АҚШ брейк-данс шебері алса, үздік үштікті жапониялық спортшы түйіндеді.

Айта кетейік, бұл спорттың бұл түрі бүгінде елімізде қарқынды дамып келеді. Брейкинг - көшедегі динамикалық акробатикалық би. 2020 жылы ол ресми түрде олимпиадалық тәптіп ретінде танылып, 2024 жылы Парижде өтетін ойындар бағдарламасына енгізілді. Ал Қазақстан құрамасының өкілдері халықаралық аренада үздіктердің бірі саналатындықтан Олимпиада ойындарында артылып отырған үміт зор екенін атап өтті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес