18.06.2023 | 19:08

Әмір Зәкіров брейкингтен халықаралық турнирде күміске ие болды

Отандасымыз Әмір Зәкіров  (B-Boy Amir) Мадрид қаласында (Испания) өткен брейкингтен халықаралық рейтингтік турнирде екінші орыннан көрінді. АҚШ өкілі алтыннан алқа тақса, үздік үштікті Жапония спортшысы (HIRO10) түйіндеді. Жарысқа 50 елден 200-ден астам биші жиналды. Бұл қатарда 2 қазақстандық бар.

Айта кетейік, брейк-данс 2024 жылы Парижде өтетін Олимпия ойындарының бағдарламасына енгізілген болатын.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес