11.11.2024 | 10:46
Бөлісу:
АНАСТАСИЯ ГОРОДКО МЕН ПАВЕЛ КОЛМАКОВ АУСТРИЯДАҒЫ ЖАРЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Аустрияның Хинтертукс тау шаңғы курортында өткен фристайл могулдан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жекелей сында Павел Колмаков топ жарып, жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Оның финалдағы ұпайы 77,15. Мұнда тағы бір отандасымыз Антон Бондарев қола жүлдеге ие болды (70.18 балл).
Әйелдер арасында да 2 қазақстандық тұғыр сатысына көтерілді. Атап айтсақ Анастасия Городко алтын (73.88 ұпай), Аяулым Әмренова күміске (72.33) қол жеткізді.
Жарыстың 2-күні параллель-могулда Павел Колмаков пен Анастасия Городко тағы қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАнастасия Городко әлем чемпионы атанды
Павел Колмаков Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды