10.07.2026 | 19:08

АНАСТАСИЯ РЫПАКОВА – U23 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U23 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруден күміс жүлдеге ие болып, ел қоржынына медаль салды.

Ақтық сында спортшымыз 6.11 метр нәтиже көрсетіп, екінші орынға тұрақтады. Алтын медальді Қытай өкілі Хуан Инъин (6.48 м), қола жүлдені Вьетнам спортшысы Ха Тхи Тхуй Ханг (6.10 м) иеленді.

Айта кетейік, құрлықтық дода 12 шілдеге дейін жалғасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес