23.03.2025 | 23:29

APHRODITE CUP: АҚМАРАЛ ЕРЕКЕШЕВА 2 АЛТЫН, 2 КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Грекияда көркем гимнастикадан X «Афродита кубогы» атты халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер арасында сынға түскен отандасымыз Ақмарал Ерекешева жекелей сынның барлық жаттығуында жүлделі орыннан көрінді. Атап айтқанда доп және лента жаттығуында жеңімпаз атанды.

Доп:

1. Ақмарал Ерекешева (25.400 ұпай)

2. Магдалена Валкова (Болгария)

3. Наталия де ла Роса (АҚШ)

Лента:

1. Ақмарал Ерекешева

2. Наталия де ла Роса (АҚШ)

2. Магдалена Валкова (Болгария)

Шығыршық жаттығуы:

1. Магдалена Валкова (Болгария)

2. Ақмарал Ерекешева

3. Наталия де ла Роса (АҚШ)

Ұршық:

1. Наталия де ла Роса (АҚШ)

2. Ақмарал Ерекешева

3. Джиневра Бинди (Италия)

Еске сала кетейік, Ақмарал былтыр Якутскте өткен «Азия балалары» халықаралық ойындарында бірнеше медаль жеңіп алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес