11.02.2023 | 19:38

Ақбаян Нұрмамет соңғы сәтте қола медаль жеңіп алды

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлде жеңіп алды. Қазақстандық атлет бұл қашықтықты 01.06.04 секундта жүгіріп өтті.

Үздік нәтижені 26 жастағы вьетнамдық Нгуен Тхи Оан көрсетіп, өзіне алғашқы медальді сыйлады. Күміс жүлде жапониялық Юме Готоның еншісінде кетті. Тағы бір қазақстандық Мадина Керімова бесінші болып мәре сызығын кесті (4:24.09 секунд).

Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 1 қола медаль бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес