18.06.2023 | 18:55
Бөлісу:
Ақерке Рамазнова мен Ғалымжан Қырықбай Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесінің шеуші күні Ұлттық құрама қоржынына тағы 2 қола медаль түсті.
Әйелдер арасында аса ауыр салмақта (+78 кг) Ақерке Рамазанова нидерландтық Карен Стивенсонды жеңіп, тұғыр биігінің 3-сатысына жайғасты. Отандасымыз іріктеуде польшалық Кинга Волчакты, франциялық Леа Фонтенді жеңген. Бірақ жартылай финалда нидерландтық Марит Кэмпске жол берді.
Ал аса ауыр салмақта сынға түскен Ғалымжан Қырықбай словениялық Эней Мариничті, грузиялық Гурам Тушишвилиді, германиялық Джонас Шрейберді жеңген. Алайда жартылай финалда Саба Инанейшвилидің (Грузия) мықты екенін мойындады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАЛҒАТ ОРЫНБАСАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
АҚТАУДА ДЗЮДОДАН ЕРЛЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ
GRAND SLAM: АБУ-ДАБИДЕ 13 ДЗЮДОШЫМЫЗ СЫНҒА ТҮСЕДІ