26.05.2026 | 16:24

АҚМАРАЛ ЕРЕКЕШЕВА – КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Бішкектегі (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионатында отандасымыз Ақмарал Ерекешева өзінің үшінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер арасында 2 дүркін әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева ұршық жаттығуының финалында 28.65 ұпай жинап, екінші орын иеленді. Бұнда бірнеше дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Тахмина Икромова (29.75) жеңімпаз атанды. Қола жүлдені Өзбекстан өкілі Наталья Усова (28.30) алды.

Енді санаулы сәттерден кейін спортшыларымыз таспа сайысының ақтық сынында бақ сынайды.

Айта кетейік, бұл турнир күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.  

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес