11.12.2025 | 16:24

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – АУЫЛ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Көкшетау қаласындағы «Бурабай» спорт сарайында шайбалы хоккейден IV республикалық қысқы ауыл жасөспірімдер ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс барысында Ақмола облысы барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, 5 ойында ең көп 65 шайба соқты.

Шығыс Қазақстан облысы ең ірі 22:0 жеңісті (БҚО-ны жеңді) тіркеді. Дебют жасаған Батыс Қазақстан облысы ең көп 78 шайба өткізіп алды.

Жеңімпаздар:

1.Ақмола облысы

2.Шығыс Қазақстан облысы

36.Қостанай облысы

Турнирдің үздіктері:

Үздік қақпашы: Алексей Телелюев (Қостанай обл)

Үздік қорғаушы: Ермахан Самарханов (Абай обл)

Үздік шабуылшы: Максим Богатырёв (ШҚО)

Үздік ойыншы: Нұртілеу Жанболатұлы (Ақмола обл)

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес