07.10.2022 | invalid

Ақтауда самбодан Азия Кубогы басталды

Бүгін Ақтау қаласындағы «Маңғыстау Арена» кешеніңде спорттық және жауынгерлік самбодан Азия Кубогы басталды. Елімізде алғаш рет өтіп жатқан дүбірлі додаға 8 мемлекеттен 200-ден астам самбошы келді. Атап айтар болсақ, Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Бахрейн, Грузия, Қырғыз Республикасы, Түркіменстан, Өзбекстан.

Азия Кубогын Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзімен ашып, Азия және Тынық мұхитындағы самбо федерациясының президенті, Өзбекстаннан келген құрметті қонақ Аламжон Муллаев пен Қырғызстаннан келген турнирдің бас төрешісі Александр Ларионовты ҚР самбо федерациясының атынан «Халықтар достығы» медалімен марапаттап құрмет көрсетті.

Ашылу салтанатынан кейін алғашқы күннің бәсекелері өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды.

Спорттық самбо/Әйелдер арасында:

50 келі

1 орын - Айжан Жылқыбаева (Қазақстан)

2 орын - Жадыра Пайыз (Қазақстан)

3 орын - Гүлсанат Бекдуллаева (Өзбекстан)

3 орын - Ани Мартиросян (Армения)

54 келі

1 орын - Гүлдана Алмұханбетова (Қазақстан)

2 орын - Айгерім Телемгенова (Қазақстан)

3 орын - Патпа Жолдасбаева (Өзбекстан)

3 орын - Қымбат Бақыт (Қазақстан)

Спорттық самбо/Ерлер арасында

58 келі

1 орын - Ерлан Ұналов (Қазақстан)

2 орын - Жасұлан Нариманов (Қазақстан)

3 орын - Мұхаммедмұрат Бабеков (Түркіменстан)

3 орын - Сахиб Бабаев (Әзербайжан)

64 келі

1 орын - Есентай Имаханов (Қазақстан)

2 орын - Тұрал Аллахбердиев (Әзербайжан)

3 орын -Канан Бабаев (Әзербайжан)

3 орын - Парасат Жұмабай (Қазақстан)

Жауынгерлік самбо/Әйелдер арасында:

80 келі

1 орын - Гүлсім Қазанова (Қазақстан)

2 орын - Әсел Блранбаева (Қазақстан)

3 орын -Назгүл Есімбек (Қазақстан)

+80 келі

1 орын - Зүлфия Мұхамедиярова (Қазақстан)

2 орын - Жәнел Жолекешова (Қазақстан)

3 орын - Гүли Машарипова (Қазақстан)

Ерлер арасында

98 келі

1 орын - Абдулла Асқар (Қазақстан)

2 орын - Еркебұлан Егембаев (Қазақстан)

+98 келі

1 орын - Талғат Жиентаев (Қазақстан)

2 орын - Паша Каркашаев (Бахрейн)

3 орын - Ерик Хамзоян (Армения)

3 орын - Дамир Секен (Қазақстан)

Ертең, 2-жарыс күні спорттық самбодан ерлер 71,79,88, әйелдер 59,65 келіде сынға түссе, жауынгерлік самбодан ерлер 58, 64, әйелдер 59, 65, 72 келіде бақ сынайды.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес