24.10.2024 | 20:07
Бөлісу:
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт кешенінде 15-18 қараша аралығында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға Ұлттық құрама жасақталады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай-ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан Кубогы табысталады.
Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі
15 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -60 кг, -66 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг
Жарыстың ресми ашылу салтанаты – 16:20
Финал – 17:00
16 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -73 кг, -81 кг
Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг
Финал – 17:00
17 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг
Әйелдер: -78 кг, +78 кг
Финал – 17:00
18 қараша
Аралас-командалық жарыс
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -73 кг, -90 кг, +90 кг
Әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг
Финал – 15:00.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ