01.08.2024 | 16:34

АРИНА АЛТУХОВА МЕН АЛЕКСАНДРА ЛЕНІҢ ІРІКТЕУДЕГІ НӘТИЖЕСІ БЕЛГІЛІ

Париж Олимпиадасында әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден іріктеу кезеңі мәресіне жетті,  деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз Александра Ле 587 ұпай жинап, 10-орынға жайғасты. Ал Ұлттық құраманың тағы бір мергені Арина Алтухова 586 ұпаймен 13-сатыдан көрінді.

Енді ертең жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы жүлделерді сарапқа салады. Тікелей эфир сағат 13:00-де басталады.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес