09.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Арли Чонтей Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Бахрейн астанасы Манама қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Арли Чонтей күміс жүлдегер атанды. Жалпы Арлейдің еншісінде 3 жүлде бар. Ол жұлқа көтеруде 116 келімен қола алса, кейін 144 кг зілтемірді серпе көтеріп, алтын медаль иеленді. Осы қоссайыс нәтижесінде 26 келімен жалпы есепте 2-орыннан көрінді.
Ал вьетнамдық Ла Тхань Джиа чемпион атанса (262 кг), сауд арабиялық Мансұр Әл-Сәлем (259 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Арли Чонтей - былтырғы Әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол бұған дейін Азия чемпионатында жеңіске жетіп (Ташкент, 2020 ж), 2019 жылы Нинбодағы додада қола жүлдеге қол жеткізген.
Манамадағы сары құрлық бәсекесінде кеше 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дарья Балабаюк 155 келімен жалпы есепте 8-сатыға тұрақтаған. Ал бүгін 61 килоға дейін бақ сынаған Өтепберген Әлиев те 260 кг (115+145) 8-орын алды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Әлем Кубогын аяқтады