28.10.2023 | 05:41
Бөлісу:
Армрестлинг шеберлері Қазақстанды жалпы есепте 2-орынға шығарды
Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін армрестлингтен алғашқы жүлде сарапқа салынды. Солақайлар арасындағы бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 12 медаль (5 алтын, 1 күміс, 6 қола) жеңіп алды.
Чемпион атанғандар:
Ердәулет Сарыбай (70 кг)
Нұрдәулет Айдархан (80 кг)
Талғат Ақтаев (100 кг)
Медет Құттымұратов (+110 кг)
Айгерім Қараманова (65 кг)
Күміс:
Антонина Лисянская (+80 кг)
Қола:
Айтбек Бекет (110 кг)
Нышанәлы Сәнім (+90 кг)
Сандуғаш Сейдіш (55 кг)
Жұлдыз Күнтуғанова (80 кг)
Раушан Джаналиева (+80 кг)
Никита Ермаков (пара армрестлинг)
Жалпы қол күресінен ел намысын қорғау үшін Сауд Арабиясына 17 спортшы келді. Ертең олар оң қолмен күш сынасады.
Қазақстан делегациясы бүгінгі толағай табыстың арқасында жалпы есепте 2-орынға көтерілді. Қоржында 10 алтын, 11 күміс, 20 қола жүлде бар. Көш басында 18 алтыны бар Украина келе жатыр. Үздік үштікті 9 алтынмен Сауд Арабиясы түйіндеп тұр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАрмрестлинг құрамасы жалпы есепте топ жарды
Қазақстан қол күресінен әлем чемпионатында көш бастады