24.08.2022 | invalid

Артистік жүзу: Эдуард Ким әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Канаданың Квебек қаласында артистік жүзуден жастар арасындағы XVII Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін алғашқы жарыс күні ерлер мен әйелдер жекелей техникалық сында шеберлік байқасты. Бұл бәсекеде отандасымыз Эдуард Ким қола жүлдеге қол жеткізді. Испан Денис Гонсалес жеңіске жетсе, жапон Иотаро Сато күміс жүлдегер атанды. Ал әйелдер арасында Карина Магрупова 8-сатыдан көрінді.

Айта кетейік, бұдан бөлек чемпионатта тағы 6 қазақстандық спортшы аралас топтық сында ел намысын қорғайды. Олар: Арина Мясникова, Анна Павлецова, Артур Майданов, Дарина Валиуллина, Карина Сагутдинова, Арина Пушкина. 21 тамызда басталған Канададағы жарыс 28-іне аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес