05.05.2023 | 17:58

Артистік жүзуден Әлем Кубогының 2-кезеңін Монпелье қабылдады

Бүгін Францияның Монпелье қаласында артистік жүзуден Әлем Кубогының 3-кезеңі басталды. Дүние жүзінің үздік спортшылары енді 7 мамырға дейін 11 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Бұл қатарда Қазақстан құрамасы да бар. Ел намысын Эдуард Ким, Ясмин Тұяқова, Жәния Жиенғазы, Наргиза Болатова, Арина Пушкина, Карина Абдулина, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Ксения Макарова, Этери Какутия, Валерия Столбунова, Карина Магрупова, Артур Майданов, Жаклин Якимова мен Виктор Друзин қорғауды бастап кетті. Олар жұптық, аралас жұптық және жекелей сында өнер көрсетеді. Бұл спортшылар былтырғы ел чемпионатының нәтижесінде іріктелген.

Франциядағы кезең алдыңғыларға қарағанда жаңаша болғалы тұр. Себебі, Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) кейінгі 6 жылда ұпай есептеудің жаңа тәсілін қалыптастыр бойынша жұмыс істеді. Жарыстарда қолданылатын AQUA Rules Support Team деп аталатын жүйе уақыт өткен сайын жетілдіріліп отырады. Мұнда бағдарламалардың қиындық деңгейін енді төрешілер емес, машина анықтайды. Осы жарыс қарсаңындағы тағы бір өзгеріс – құрама сапына тағы бір ер спортшы қосуға берілген мүмкіндік.

Қазақстан құрамасы Канаданың Маркем қаласында өткен Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған.

Биылғы Әлем Кубогының 7-маусымында 4-кезең бар. Атлеттер Францияның Монпелье қаласынан (5-7 мамыр) кейін Мысырдың Хургада қаласында 10-15 мамыр күндері шеберлік байқасады. Сосын, FINA әр бағдарламадағы үздік 12 спортшыны анықтап, Суперфиналға шақырады. Суперфиналды жазда Испания қабылдайды. Айта кетейік, су спорт түрлерінен ХХ әлем чемпионаты биыл жазда Жапонияның Фукуока қаласында өтеді.

Осыған дейін артистік жүзуден Әлем Кубогы 2017-2022 жылдар аралығында «FINA-ның Әлем сериясы» атауымен өткен. Ал оған дейін (2006-2016 бен 1979-2014 жж) Халықаралық су спорт түрлері федерациясы (FINA) артистік жүзуден Әлем Кубогын жылына тек бір мәрте ғана ұйымдастырған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес