25.05.2026 | 17:13
Бөлісу:
АРУЛАРЫМЫЗ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионатының көпсайыс бойынша финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.
Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Нұрмағамбетова және Кристина Чепульскаядан құралған Қазақстан құрамасы топтық жаттығулардағы көпсайыста 26.90 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. Бұл сында 28.40 ұпаймен қытайлықтар топ жарса, күміс жүлде 27.15 ұпай жинаған өзбекстандықтарға бұйырды
Айта кетейік, топтық жаттығуларда 10 елдің құрамасы бақ сынауда. Аталған жарыс күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі саналады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық