
20.04.2025 | 01:06
Бөлісу:
ӘСЕЛ ҚАНАЙ МЫСЫРДАҒЫ ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ ФИНАЛЫНДА СЫНҒА ТҮСЕДІ
Ұлттық құрама спортшысы Әсел Қанай (61 кг) Мысыр астанасында өтіп жатқан Премьер-лига бәсекесінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Санаулы сәттер бұрын жартылай финалдағы Әсел мен Айжан Бәкірова арасындағы жекпе-жек 3-0 есебімен алғашқысының пайдасына шешілді.
Бұл Әсел үшін биылғы Премьер-лигадағы екінші финал. Ол осыған дейін қаңтарда Парижде күміс жүлдеге ие болған. Отандасымыздың ертеңгі қарсыласы – Олександра Шолохова (Украина).
Ал Айжан Бәкірова ертең мысырлық Ноурсин Әлимен қола жүлдені сарапқа салады. Сондай-ақ Диас Анарбеков (+84 кг) Германия спортшымен 3-орын иегерін анықтайды.
Азия ойындарының, Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы Софья Берульцева (+68 кг) ширек финалда мысырлық каратэшіге есе жіберіп, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.
Еске сала кетейік, барлығы Мысырдағы жарысқа 68 елден таңдаулы 383 спортшы жиналды. Қазақстанда жарысты Sport +Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Фото: Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
КАРАТЭДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АНЫҚТАЛДЫ

ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС БАПКЕРІ АТАНДЫ


МӨЛДІР ЖАҢБЫРБАЙ – КАИР ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!