07.10.2022 | invalid

Astana Open: Стефанос Циципас ширек финалда Хуберт Гуркачтан басым түсті

Бүгін Стефанос Циципас ширек финалда польяк Хуберт Гуркачтты жеңді. Есеп: 7:6 (10-8), 6:3. Жалпы ойын 1 сағат, 43 минутқа созылды.

Кездесу барысында эйс істеуден Хуберт дес бермеді. Бұл жағынан 4-11. Сондай-ақ польяк бір мәрте допты ойынға қсоу кезінде қос қате жасады. Ал грек теннисшісі бұл жағынан сауатты қимылдады. Бұл Стефаностың осы маусымдағы 50-жеңісі. Баспасөз жиынында жуырда карьерасын аяқтаған Роджер Федерердің рекордын ойлайтынын айтты.

«Бізден ойыма Роджердің маусымдағы 92 жеңісі түседі. Маған ол көрсеткішке жетуге әлі алыс екенін жақсы білемін. Десе де 80 немесе 90 матчқа жақындасам жақсы болар еді»,-деді.

Қазір Стефанос Циципас әлем рейтингінде 6-шы, қарсыласы 10-шы сатыда тұр.

Ертең Стефанос Циципас пен ресейлік Андрей Рублев ақтық сынға кімнің шығатынын анықтайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес