22.05.2026 | 22:24
Бөлісу:
АСТАНА ҚАЛАСЫ 2026 ЖЫЛҒЫ ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН 2-РЕТ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Дүбірлі дода биыл 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Халықаралық күрес федерациясы (UWW) бюросының жұма күнгі отырысында қазіргі таңдағы геосаяси жағдай, атап айтқанда халықаралық тасымал мен жол жүру мәселелеріндегі белгісіздіктер жан-жақты қаралды. Нәтижесінде ұйым 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу орнын ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Бастапқыда бұл турнир биыл Загребте өткен жиында Бахрейн астанасы Манама қаласына сеніп тапсырылған. Алайда, UWW мен Бахрейн тарапы жұма күні бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың басқа елге ауыстырылғанын ресми түрде жариялады.
Қазақстан күрес федерациясының дайындығы мен нысандарды аралап көру жұмыстары сәтті аяқталғаннан кейін, еліміз ресми үміткер ретінде таңдалды. Осылайша, әлемдік дода «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін болды.
Бұл шешім әлем чемпионатының Астана қаласына қайта оралуын білдіреді. Елордамыз бұған дейін де 2019 жылғы әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырған. Ол жолы турнирге 1000-ға жуық балуан қатысып, жарыс тарихындағы ең көп көрермен жинаған додалардың біріне айналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ БІШКЕКТЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
ЕДІГЕ ҚАСЫМБЕК ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ