05.03.2026 | 18:10
Бөлісу:
АСТАНАДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН ЖАБЫҚ КЕШЕНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Астана қаласындағы «Толқын» спорт кешенінде академиялық ескек есуден бірнеше жас санатында жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарыңызға жарыс жүлдегерлерін ұсынамыз:
2000 метр, ерлер:
1-орын: Иван Чернухин (Түркістан облысы)
2-орын: Владислав Яковлев (Түркістан облысы)
3-орын: Батыр Мадиев (Қарағанды облысы)
2000 метр, ерлер (жеңіл салмақ):
1-орын: Артём Матусевич (Астана қаласы)
2-орын: Бауыржан Сұлтанов (Астана қаласы)
3-орын: Александр Афанасьев (Түркістан облысы)
2000 метр, әйелдер:
1-орын: Екатерина Носкова (Астана қаласы)
2-орын: Афина Белоногова (Қарағанды облысы)
3-орын: Варвара Белоногова (Қарағанды облысы)
2000 метр, әйелдер (жеңіл салмақ):
1-орын: Мария Чернец (Астана қаласы)
2-орын: Ирина Чудина (Қарағанды облысы)
3-орын: Роза Кеңес (Түркістан облысы)
2000 метр, жасөспірім ұлдар:
1-орын: Дмитрий Ануприев (Қарағанды облысы)
2-орын: Семён Первушкин (Қарағанды облысы)
3-орын: Савелий Давыдов (Астана қаласы)
2000 метр, жасөспірім қыздар:
1-орын: Тамара Первушкина (Қарағанды облысы)
2-орын: Мария Гладышева (Түркістан облысы)
3-орын: Лияра Айдарова (Түркістан облысы)
1500 метр, кадеттер (ұлдар):
1-орын: Илья Хусаинов (Қарағанды облысы)
2-орын: Егор Арнаут (Қарағанды облысы)
3-орын: Юрий Набиев (Қарағанды облысы)
1500 метр, кадеттер (қыздар):
1-орын: Аксинья Гладышева (Түркістан облысы)
2-орын: Саяра Аканова (Астана қаласы)
3-орын: Саида Макзумова (Астана қаласы)
2000 метр, ерлер (жұптар):
1-орын: Иван Чернухин, Владислав Яковлев (Түркістан облысы)
2-орын: Алексей Красновский, Батыр Мадиев (Қарағанды облысы)
3-орын: Бапан Асханбек, Арыстан Айбеков (Астана қаласы)
2000 метр, Әйелдер (жұптар):
1-орын: Афина Белоногова, Тамара Первушкина (Қарағанды облысы)
2-орын: Варвара Белоногова, Софья Первушкина (Қарағанды облысы)
3-орын: Саяра Ақанова, Аружан Әділ (Астана қаласы)

2000 метр, 4хMix (аралас команда):
1-орын: Алексей Красновский, Тамара Первушкина, Афина Белоногова, Батыр Мадиев (Қарағанды облысы)
2-орын: Владислав Финк, Евгений Карижский, Анастасия Кулинич, Тамара Столповская (Павлодар облысы)
3-орын: Семён Первушкин, Софья Первушкина, Варвара Белоногова, Владислав Ануприев (Қарағанды облысы).
Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысы көшбасшы атанды. Бұл өңірдің спортшылары барлығы 18 жүлдеге ие болды (6 алтын, 7 күміс, 5 қола).
Астана қаласы жүлделер саны бойынша екінші орынға табан тіреді. Елорда құрамасы 14 медаль (4 алтын, 5 күміс, 5 қола) жеңіп алды. Үздік үштікті Түркістан облысының құрамасы түйіндеді. Олардың қоржынында 8 медаль (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) бар.

Біздің анықтама:
Жабық кешендегі есу – бұл академиялық ескек есудің суда емес, арнайы есу тренажерларында (эргометрлерде) орындалатын түрі. Спортшылар көрсеткіштерді дәл өлшейтін эргометрлерде жаттығады. Құрылғы қашықтық, уақыт, қарқын (split -500 метрге жұмсалған уақыт) мен қуатты (ваттпен) тіркейді. Нәтиже экранға шығарылады және ресми түрде тіркеледі.
Әлемдегі ең басты дода - академиялық ескек есуден халықаралық федерацияның (World Rowing) қамқорлығымен өтетін жаттығу залындағы есуден әлем чемпионаты. Сонымен қатар әр елде ұлттық чемпионат, университет лигалары мен онлайн-жарыс ұйымдастырылады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық