05.06.2025 | 19:54

АСТАНАДА КЁРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Астана қаласындағы «Сарыарқа» мұз сарайында кёрлингтен Қазақстан Кубогының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың ашылуында ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есенбаев қатысушылар алдында сөз сөйлеп, кёрлингтің елімізде қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

«Бұл турнир – еліміздің спорт саласындағы үздіксіз дамуының және ортақ мақсатқа деген сенімінің жарқын көрінісі. Мұз үстіндегі шеберлік пен сабырлықты қажет ететін бұл спорт түрі жыл өткен сайын халқымыздың жүрегінен орын алып, үлкен беделге ие болуда. Жастарымыз өсіп келеді. Биыл дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 78 (40-ы ерлер, 38-і әйелдер) үздік спортшы жиналды. Баршаңызға сәттілік! Әділ тартыс, таза ойын және спорттық рух Сіздерге әрдайым серік болсын!»

Сондай-ақ іс-шара соңында ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер марапатталды.

Ерлер:

1. Астана қаласы

2. Алматы қаласы

3. Қостанай облысы

Әйелдер:

1. Алматы қаласы

2. Алматы облысы

3. Астана қаласы

Айта кетейік, аталмыш Қазақстан Кубогы 8-ші маусымда аяқталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес