28.04.2023 | 15:01
Бөлісу:
Астанада оқушылар арасында шахматтан әлем чемпиондары марапатталды
Бүгін Астанада Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы оқушылар арасындағы шахматтан әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады. ҚШФ президенті Тимур Тұрлов салтанатты рәсімде 9 жасқа дейінгі санатта жеңіске жеткен Аланна Берікқызы мен Әмина Қайырбековаға (17 жасқа дейінгі санат) 1 000 000 теңгенің сертификатын табыс етті.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып Тимур Турлов олардың жеңісі Қазақстан мен жалпы елдегі барлық шахматшы үшін өте маңызды екенін атап өтті.
«Біздің қыздар елімізге халықаралық жарыстардан жеңіс әкелді. Мен Әмина мен Аланнаны мақтан тұтамын. Осындай талантты қыздарымыздың арқасында болашағымыздың жарқын екеніне сенімдіміз. Біз қыздар өздерінің таланттарын ашып, табысты дамуға күш табуы үшін бәрін жасаймыз. Сіздерге деген алғысым шексіз! Шахматқа байланысты және одан тыс армандарыңыз орындалады деп сенемін. Өз талантыңды дамыту жолында еңбек ету маңызды. Бірақ қарсыластарыңды жеңу үшін өзіңді жеңуің керек. Өз қорқыныштарыңыз бен эмоцияларыңызды жеңу – жеңістің жартысы», - деді ҚШФ президенті жас спортшыларға.
Оқушылар арасындағы әлем чемпионатын қорытындылай келе, ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова Қазақстан барлық жағынан алда екенін атап өтті.
«Біздің команданың барлығы жастарына қарамастан керемет және сенімді өнер көрсетті. Медальдардың жалпы саны бойынша да Қазақстан бірінші орынды иеленді».
Мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионаты Грекияның Родос аралында 13-23 сәуірде Халықаралық Шахмат федерациясының (ФИДЕ) қолдауымен өтті. Оған әлемнің 50 елінен 500-ден астам оқушы қатысты.
Суреттер Қазақстан шахмат федерациясынан алынды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ