25.06.2026 | 15:07
Бөлісу:
АСТАНАДА ТАЕКВОНДОДАН ОЛИМПИАДАҒА ҰПАЙ БЕРІЛЕТІН KAZAKHSTAN OPEN ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында таеквондодан G-1 ?санатындағы Kazakhstan Open рейтингтік турнирі өтіп жатыр.
Жарысқа 30-ға жуық мемлекеттен 1000-нан астам спортшы жиналды.
Ел намысын жастар арасында әлем чемпионы Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қабылан және әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова бастаған Ұлттық команда көшбасшылары қорғап жатыр.
Сонымен қатар Пак Тэ Джун (Париж Олимпиадасының чемпионы), Гашим Магомедов (Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері), Вафа Масгуни (2025 жылғы ерсектер арасындағы әлем чемпионы), Фирас Катусси (әлем және Париж Олимпиадасының чемпионы) сынды таңдаулы татами шеберлері бар.
Мұнда атлеттер Лос-Анджелес Олимпиадасына берілетін рейтингтік ұпайлар үшін таласқа түседі.
Айта кетейік, бүгін кешке дейін ересектер арасындағы барлық жүлдегер белгілі болады. Ал ертең даянгқа жастар шығады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: