31.03.2026 | 18:27
Бөлісу:
АСТАНАДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖАБЫҚ КЕШЕНДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Астана қаласы 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешім Польшаның Торунь қаласында World Athletics ұйымы кеңесінің 240-шы отырысында қабылданды. Атап айтқанда, дода 15-17 наурызға жоспарланған.
Отырыс аясында World Athletics президенті, лорд Себастьян Коу Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Асхат Хасенов және федерацияның бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлымен жеке кездесу өткізді.
Әлем чемпионатынан үмітті қалаларды (Астана және Үндістанның Одиша қаласы) таңдау жайлы пікір білдірген Себастьян Коу бұл шешім спортты жаңа нарыққа шығару жөніндегі жаһандық стратегияның бір бөлігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай өңірлерде турнирлер өткізу World Athletics ұйымының жеңіл атлетиканың географиясын кеңейтуге және әлеуеті жоғары елдердегі орнын нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.
2030 жылғы әлем чемпионатын өткізу - Қазақстанның спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі. World Athletics Кеңесі Астананың ірі жарыстарды ұйымдастырудағы табысты тәжірибесін ерекше атап өтті. Мысалы:
2023 жылы жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын өткізуі;
2024 және 2025 жылдары World Athletics Indoor Tour Gold кезеңдерін ұйымдастыру.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық