23.10.2024 | 00:07
Бөлісу:
АСЫЛБЕК ӘБДІҚАЛЫҚ: «ЕКІНШІ БЕЛДЕСУДЕ ТАКТИКАМЫЗ ДҰРЫС БОЛМАДЫ»
Албания астанасы Тиранадағы күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін аса ауыр салмақта (130 кг) ел намысын қорғаған Асылбек Әбдіқалық 1-8 айналымда грекиялық Николаос Нтунаистен ұтылып қалды. Николаос ширек финалда мажарстандық палуаннан ұтылып қалғандықтан, Ұлттық құрама спортшысы жүлдеге таластан тыс қалды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі белдесуден соң Асылбектен пікір сұрады.
«Мысырлық палуанмен күрескенде мақсат көп күш жұмсамау болды. Еш қиындықсыз таза жыққам. Ал грек спортшысымен күрескенде тактикамыз дұрыс болмай шықты. Сол бірнеше қателік белдесу тағдырын шешіп кетті»,-деп айтты Асылбек Әбдіқалық жарыстан кейінгі сұхбатында.
Айта кетейік, Тиранадағы әлем чемпионаты 27 қазанда аяқталады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: