24.06.2026 | 17:07
Бөлісу:
АСЫЛЫМ ЖАҚИЯ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Ұлттық команда спортшысы Асылым Жақия Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
16-26 маусым аралығында өтіп жатқан ISSF Junior World Championship әлем чемпионатына әлемнің 63 елінен 778 спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде спортшылар нысана көздеу мен стенд атудан жүлделерді сарапқа салуда.
Қыздар арасында 25 метр қашықтыққа тапаншамен нысана көздеу сайысында елордалық спортшы Асылым Жақия 554 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында Астана қаласының спортшылары да өнер көрсетуде. Нысана көздеуден Кирилл Цуканов, Тамерлан Ердембек және Асылым Жақия ел намысын қорғаса, стенд атудан Ангелина Сорокина сынға түсуде.
Зуль қаласындағы әлем чемпионаты 26 маусымға дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: